«Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 166 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 977 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 166 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Президентінің 2011.12.08. № 139 Жарлығымен күші жойылды
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30, 320 б.; 2007 ж., № 34, 373 б.) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
2) тармақшадағы «құрылымы бекітілсін.» деген сөздер «құрылымы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі бекітілсін.»;
осы Жарлықта қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа