«Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 317 Қаулысы (күші жойылды)
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 317 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 161 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2010 жылғы 15 сәуірдегі
№ 317 қаулысымен
бекітілген
Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың
біліктілік емтиханынан өту
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген және бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктілік емтиханы - бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік деңгейін анықтау рәсімі;
2) бағалау қызметі бойынша біліктілік комиссиясы - біліктілік емтиханын қабылдау үшін құрылатын комиссия.
3. Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдар құрамындағы мүшелерінің саны тақ болатын, кемінде бес мүшесі болатын Бағалау қызметі жөніндегі біліктілік комиссиясында (бұдан әрі - Комиссия) біліктілік емтиханынан өтеді.
Комиссия Қазақстан Республикасы әділет органдарының, бағалау палаталарының өкілдерінен қалыптастырылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа