Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.13.09 № 917 ҚАУЛЫСЫ

«Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы,
саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын тексеру epeжеciн бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 қыркүйектегі № 917 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 16 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегi Заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiліп отырған Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнің дұрыстығын тексеру ережесi бекітілсiн.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 13 қыркүйектегі

№ 917 қаулысымен

Бекiтiлген

 

Азаматтардың саяси партия құру жөніндегi бастамашылық тобы,

саяси партия мүшелерi тiзiмдерiнiң дұрыстығын

тексеру ережесi

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобы, саяси партия мүшелерi тiзiмдерінiң дұрыстығын тексеру ережесi (бұдан әрi - Ереже) заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу саласындағы уәкiлетті органның (бұдан әрi - тiркеуші орган) лауазымды адамдарының тексерiс жүргiзу тәртібін белгілейдi.

2. Тiркеушi органның лауазымды адамдары тексерiс жүргiзу кезiнде өздерiнің қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкiметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

2. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегі бастамашылық

тобы, саяси партия мүшелерi тізiмдеріне қойылатын талаптар

 

3. Саяси партияны мемлекеттік тiркеу азаматтардың саяси партия құру жөніндегі бастамашылық тобының, саяси партия мүшелерінiң тiзiмдерi (бұдан әрi - тiзiмдер) тiркеушi органға ұсынылған кезде жүзеге асырылады.

4. Тiзiмдерде көрсетiлген адамдар Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толған азаматтары болуы тиiс.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку