Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2007 ЖЫЛҒЫ 21 ШІЛДЕДЕГІ № 302-III ҚР ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
 Заңы
 
Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы

(2009.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2010 жылғы 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

1-тарау. Негізгі ережелер

(1-5- баптар)

2-тарау. Химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу

(6-9- баптар)

3-тарау. Өтінім берушілердің (өндірушілердің, өнім берушілердің, импорттаушылардың) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы құқықтары мен міндеттері

(10-11- баптар)

4-тарау. Химиялық өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын негізгі талаптар

(12-23- баптар)

5-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

(24-25- баптар)

 

 

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адамның өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны және тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін химиялық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.

 

1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ескертпелік таңбаланым - химиялық өнімнің қауіпсіздігі

саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес өнімге және (немесе) орамаға жапсырылатын химиялық өнімнің қауіпті қасиеттері туралы және онымен жұмыс істеу кезеңдеріндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат;

2) қатерді бағалау - химиялық өнімнің адам денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға мүмкін болатын әсерін анықтауға бағытталған, қауіп деңгейін, дозасын (концентрациясын) айқындауды қамтитын шаралар кешені;

3) қауіпті химиялық өнім - осы Заңның 5-бабының 4-тармағында тізіп көрсетілген санаттардың біріне жатқызылған, құрамына кемінде бір химиялық зат кіретін химиялық өнім;

4) орама - химиялық өнімді және қоршаған ортаны бүліну мен

ысырап болудан қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ химиялық өнімнің тасымалдануын, сақталуын және өткізілуін жеңілдететін құрал немесе құралдар кешені;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку