«Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 Қаулысы (2010.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 2 наурыздағы № 162 Қаулысы
(2010.31.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей ұсынсын.
4. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2010.23.04. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.23.06. № 632 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.04.08. № 798 Қаулысымен; 2010.28.08. № 845 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.09. № 987 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.30.11. № 1286 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 1442 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 1443 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.31.12. № 1523 Қаулысымен (бұр.ред.қара) жоспар өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 2 наурыздағы
№ 162 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2010 жылға арналған
жоспары
Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі | Заң жобаларын сапалы әзірлеу және уақтылы енгізу үшін жауапты тұлға | |||||||
Әділетмині | Үкімет | Парламент | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | |||||
1 | Ғылым туралы | БҒМ | Қаңтар | Қаңтар | Ақпан | А.Б. Жақыпов | |||||
2 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | БҒМ | Қаңтар | Қаңтар | Ақпан | А.Б. Жақыпов |
Демо – версия документа