«Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі және Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 763 Бұйрығы (күші жойылды)
Патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының және (немесе) құрылымдық бөлімшелерінің қызметі және Патологиялық-анатомиялық ашып қарауды жүргізу туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы № 763 Бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 шілдедегі «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі жөнінде» Кодексінің 56-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес патология-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардың және (немесе) денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлімдерінің қызметі туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес патология-анатомиялық ашып қарауды жүргізу тәртібі туралы ережесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (Айдарханов А.Т.) белгіленген заңнамалық тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Ж. Досқалиев |
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 23 қарашадағы
№ 763 бұйрығына 1-қосымша
Документ утратил силу
Демо – версия документа