(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.04.04. № 304 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік монополия субъектiлерiнiң және осы субъектiлер монополиялық
жағдайда болатын салалардың тiзбесiн бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 304 Қаулысы
(2008.19.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 21 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік монополия субъектiлерiнiң және осы субъектiлер монополиялық жағдайда болатын салалардың тiзбесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2005 жылғы 4 сәуірдегі
№ 304 қаулысымен
бекiтілген
ҚР Үкіметінің 2005.13.07. № 726; 2005.03.10. № 991; 2008.28.02. № 205 (бұр. ред. қара); 2008.18.04. № 365 (бұр.ред.қара); 2008.19.07. № 710 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тізбе өзгертілді
:
Мемлекеттік монополия субъектілерiнiң және осы
субъектілер монополиялық жағдайда болатын
салалардың тiзбесi
P/c № | Монополиялық жағдайда болатын мемлекеттік монополия субъектілерiнiң қызмет салалары | Субъектілердiң атауы |
|
1 | 2 | 3 |
|
1 | Мемлекеттік орман қорының шекараларын белгiлеумен, ормандарды түгендеумен және мемлекеттік орман қорының учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзудi жоспарлаумен байланысты орман орналастыру | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң «Қазақ орман орналастыру кәсiпорны» қазыналық кәсiпорны |
|
2 | Мемлекеттік қорғауға жататын объектiлердi күзету | Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң «Мамандандырылған күзет қызметi» мемлекеттік мекемелерi |
|
3 | Мемлекеттік сатып алу процесiн қамтамасыз ету үшін құрылатын ақпараттық жүйелер саласындағы шаруашылық жүргізудi жүзеге асыру | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң «Электрондық коммерция орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны |
|
Редакция документа
Демо – версия документа