Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 91 Қаулысы (2016.31.08. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 91 Қаулысы

(2016.31.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының төлем жүйелерінің банк клиентінің халықаралық стандарттарға негізделген банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымын пайдалануға тиімді көшуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына банк клиентінің банк шоты нөмірінің және банктік сәйкестендіру кодының жаңа құрылымына көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

2. Осы қаулы осы қаулыға қосымшаның 2010 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 1 және 2-тармақтарын қоспағанда, 2009 жылғы 2 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен  (Сизова С.И.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және өкілдігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберсін.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции