(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.20.03 № 276 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 276 Қаулысы
(2009.26.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 23 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері заңнамада белгілеген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 20 наурыздағы
№ 276 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 қазандағы № 1022 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 487-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімдерге штаттық кестелерді бекіткен кезде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары санының нормативін пайдалану ұсынылсын.»;
көрсетілген қаулыға 3-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа