(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРІНІҢ...
Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығы
(2009.22.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 21 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабының 13-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы ереже бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылған деп танылсын.
3. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Б.Бабажанова) Заң департаментімен (Д. Ешімова) бірлесіп осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министр | Б. Сұлтанов |
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2009 жылғы 1 сәуірдегі
№ 72 бұйрығына 1-қосымша
Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кезекті жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімнің құрылымын, оны жасау және ұсыну тәртібін анықтайды.
2. Бюджеттік өтінімді жасаудың негізгі мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындаудың қажетті ресурстары мен нәтижелері туралы сандық және қаржылық ақпарат негізінде Республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеген кезде шығыстар көлемін негіздеу болып табылады.
3. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - бағдарламалардың әкімшісі) бюджеттік өтінімді әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджет параметрлерін болжамында көзделген бюджет қаражаты көлемі шегінде енгізеді.
4. Бюджеттік өтінім базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған бөлінентін шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы болып табылады.
Редакция документа
Демо – версия документа