«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 199 Бұйрығы (күші жойылды)
«Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 199 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 Бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабының 13-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 72 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 22 мамырдағы № 113 бұйрығымен толықтырулар мен өзгерістер енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5706 болып тіркелген) «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі № 72 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5650 болып тіркелген), бұйрығына мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесінде:
1-бөлімде:
52-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
«Бюджеттік инвестициялық жобаларды таратып жазуда:
қаржыландыру көздері (республикалық бюджетке, жергілікті бюджетке, бюджеттен тыс қаражатқа, сыртқы қарызға бөле отырып) (3-баған);
жылдар бойынша тарата жазып жоспарлы кезеңге басталғанға дейінгі қаржыландыру (5-баған);
инвестициялық жоба деңгейінде жоспарлы кезеңге дейінгі қаржыландырудың жалпы сомасы (6, 7-бағандар) көрсетіледі»;
«Өзге де мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің еңбек ақысына арналған шығыcтарды есептеу» деген 11-қосымша (10-111-нысаны) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа