(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2004 Ж. 4 НАУРЫЗДАҒЫ № 272 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 4 наурыздағы № 272 қаулысы
(2007.21.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 4 наурыздағы № 272 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір
шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қаңтардағы № 16 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тілдер туралы заңдардың сақталуына бақылау жасаудың тәртібі туралы ережеде:
3-тармақтағы «Ақпарат және қоғамдық келісім» деген сөздер «Мәдениет» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1260 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
3. «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 2 ақпандағы № 176 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған басым іс-шараларының жоспарында:
«Жауапты орындаушы» деген бағанда:
реттік нөмірлері 1.2, 1.14, 2.3, 2.8, 2.9-жолдардағы "ДСА" деген аббревиатура "ДСМ" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.7-жолдағы «МАКМ» деген аббревиатура «Ақпаратмині» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.8-жолдағы «ДСА», «МАКМ» деген аббревиатуралар тиісінше «ДСМ» деген аббревиатурамен және «Ақпаратмині» деген сөзбен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.10-жолдағы «МАКМ» деген аббревиатура «Мәдениетминi, Ақпаратмині» деген сөздермен ауыстырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа