(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.15.02 № 141 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 141 Қаулысы
(2009.09.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қазандағы № 425 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті функцияларын, өкілеттіктерін және мүлкін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) (бұдан әрі - Агенттік) бере отырып таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелері осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) өңіраралық инспекциялары - мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Агенттік туралы ереже;
2) Агенттіктің аумақтық бөлімшелері - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі;
ҚР Үкіметінің 2008.02.12. № 1127 Қаулысымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Агенттік және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы Агенттіктің жауапты хатшысы тағайындалған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін Агенттік туралы ереженің 20 және 21-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 15 ақпандағы
№ 141 қаулысына
қосымша
Редакция документа
Демо – версия документа