(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 1999 Ж. 12 СӘУІРДЕГІ № 405 ҚАУЛЫСЫ
Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері
және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 12 сәуірдегі № 405 қаулысы
(2009.20.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 27 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әкімшілік шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы № 5 өкімін орындау үшін, сондай-ақ мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру және жергілікті бюджеттердің кірісін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 27.05.99 ж. № 660 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі акциялардың мемлекеттік пакеттері мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерін заң актілерінде белгіленген тәртіппен 1-қосымшаға сәйкес коммуналдық меншікке беруді қамтамасыз етсін, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері берілген акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншік түрлері мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестеріне қатысты жасасқан барлық шарттар мен келісімдер бойынша мемлекеттік қолданылып жүрген құқықтары мен міндеттемелерін сақтау шартымен.
2. 2-қосымшаға сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесі бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір айлық мерзім ішінде министрліктермен және агенттіктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп осы қаулының 1, 2-қосымшаларына енгізілмеген акцияларының мемлекеттік пакеті мен қатысудың мемлекеттік үлесі бар акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерін айқындау жөніндегі жұмысты жалғастырсын және Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті ұсыныс енгізсін.
Редакция документа
Демо – версия документа