(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2007 ЖЫЛҒЫ 21 ШІЛДЕДЕГІ № 302-III ҚР ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Заңы
Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы
Осы редакция 2009 жылғы 17 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2-тарау. Химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу | |
4-тарау. Химиялық өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын негізгі талаптар | |
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында адамның өмірі мен денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны және тұтынушылардың мүдделерін қорғау үшін химиялық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздерін белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ескертпелік таңбаланым - химиялық өнімнің қауіпсіздігі
саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес өнімге және (немесе) орамаға жапсырылатын химиялық өнімнің қауіпті қасиеттері туралы және онымен жұмыс істеу кезеңдеріндегі қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат;
2) қатерді бағалау - химиялық өнімнің адам денсаулығы мен өміріне, қоршаған ортаға мүмкін болатын әсерін анықтауға бағытталған, қауіп деңгейін, дозасын (концентрациясын) айқындауды қамтитын шаралар кешені;
3) қауіпті химиялық өнім - осы Заңның 5-бабының 4-тармағында тізіп көрсетілген санаттардың біріне жатқызылған, құрамына кемінде бір химиялық зат кіретін химиялық өнім;
4) орама - химиялық өнімді және қоршаған ортаны бүліну мен
ысырап болудан қорғауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ химиялық өнімнің тасымалдануын, сақталуын және өткізілуін жеңілдететін құрал немесе құралдар кешені;
Редакция документа
Демо – версия документа