(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2009.13.05 № 704 ҚАУЛЫСЫ
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 мамырдағы № 704 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 2 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «2009 - 2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2008 жылғы 4 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оку жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2009/2010 оку жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оку орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырыстарын орналастыруды жүргізсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2009 жылғы 13 мамырдағы
№ 704 қаулысымен
Бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру
ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар
даярлауға 2009/2010 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысы
Редакция документа
Демо – версия документа