Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҚҚА БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2008 Ж. 22 ТАМЫЗДАҒЫ № 118 Қ...

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған
пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы  № 118 қаулысы

(2008.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2009 жылғы 10 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 57-бабына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 49-бабының 3-тармағына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

1. Ұсынылып отырған Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулық бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын. 

3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

4. Стратегия және талдау департаменті (Әбдірахманов Н.А.):

1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;

2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің  мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку