(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 27 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 1301 ...
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 Қаулысы
(2009.14.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 6 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1301 қаулысымен
бекітілген
Ереженің бүкіл мәтіні бойынша «нысан бойынша» және «нысандар бойынша» деген сөздер ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі
Осы Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
Кіші бөлім және 1-6-тармақтар ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту
7. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың бекітілген немесе нақтыланған жылдық жоспарының негізінде ғана қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2008.31.12 № 1356 Қаулысымен 7-1- тармақпен толықтырылды
7-1. Тапсырыс беруші тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Редакция документа
Демо – версия документа