(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.13.05 № 451 ҚАУЛЫСЫ
«Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамын құру және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 13 мамырдағы № 451 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 26 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ұлттық медициналық холдинг» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ) құрылсын.
2. «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ қызметінің негізгі мәні денсаулық сақтау жүйесінің орнықты дамуын қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту мақсатында акцияларының мемлекеттік пакеттері «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғаларды тиімді басқару болып белгіленсін.
1) акцияларының мемлекеттік пакеттері «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгеріс бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 58400000 (елу сегіз миллион төрт жүз мың) теңге бөлінсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне берсін;
Редакция документа
Демо – версия документа