Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1151 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 334 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1151 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 334 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 қарашадағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 43, 576-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың номенклатурасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің

2009 жылғы 16 наурыздағы

№ 334 қаулысына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2005 жылғы 22 қарашадағы

№ 1151 қаулысымен

бекітілген

 

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын құру мақсатына қол жеткізу үшін

қажетті тауарлардың номенклатурасы

 

СЭҚ ТН коды

Тауардың атауы

1108

Крахмал, инулин

1401

Негізінен өрме үшін пайдаланылатын өсімдіктен алынатын материалдар (мысалы, бамбук, ротанг, қамыс, елекшөп, тал, рафия, тазартылған, ағартылған немесе боялған дәнді қамыс және жөкенің қабығы)

1404

Басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген өсімдіктен алынатын материалдар

2501 00

Суда ерітілген немесе ерітілмеген немесе құрамында жабысуына кедергі жасайтын немесе сусымалылығын қамтамасыз ететін агенттің қоспалары болатын немесе болмайтын тұз (асханалық және денатураландырылған тұзды қоса алғанда) бен таза натрий хлориді; теңіз суы

2505

Боялған немесе боялмаған, 26-топтағы металды құмдардан басқа, барлық түрдегі табиғи құмдар

2507 00

Кальцийлендірілген немесе кальцийлендірілмеген каолин және өзге де каолинді балшық

2508 10 000 0

Бентонит

2508 30 000 0

Отқа төзімді балшық

2508 40 000 0

Өзге де балшық

2508 70 000 0

Шамот немесе динас топырағы

2509 00 000 0

Бор

2515

Ескерткіштер немесе құрылыс үшін үлес салмағы 2,5 немесе одан да көп мәрмәр, жарлауық, немесе әк таутезегі, экаусин және басқа да әктер, және блоктарға немесе тік бұрышты нысандағы тақталарға (төрт бұрыштыны қоса алғанда) басқа тәсілмен бөлінген алебастр

2516

Өзгедей ірі ұсақталған немесе ұсақталмаған, араланған немесе араланбаған, немесе блоктарға немесе тік бұрышты нысандағы тақталарға (терт бұрыштыны қоса алғанда) басқа тәсілмен бөлінген ескерткіштер немесе құрылыс үшін арналған гранит, порфир, базальт, құмтас және тас

2517

Малтатас, гравий, қиыршықтас немесе әдетте бетон толтырғыш ретінде пайдаланылатын ұсақталған тас, шоссе жолдары немесе теміржол жолдары үшін арналған қабат немесе басқа да қабат, малтатас, сондай-ақ жылумен өңделген немесе өңделмеген қойтастар және кремень гравийі; тауар позициясының бірінші бөлімінде көрсетілген енгізілген немесе енгізілмеген материалдар қождан, дросстан немесе ұқсас өнеркәсіп қалдықтарынан алынған макадам; гудрондалған макадам; жылудан өңделген немесе өңделмеген 2515 немесе 2516 тауар позициясындағы тастан алынған түйіршіктер, үгінді және ұнтақ

2518

Кальцийлендірілген немесе кальцийлендірілмеген, күйежектелген немесе күйежектелмеген, ірі ұсақталған немесе араланған доломитті қоса алғанда, немесе басқа да тәсілмен тік бұрышты (төрт бұрыштыны қоса алғанда) нысандағы блоктарға немесе тақталарға бөлінген доломит; доломитті нығыздаушы қоспа

2520

Гипс; ангидрит; боялмаған немесе боялған, құрамында шағын мөлшерде жеделдеткіштерді немесе алмастырғыштарды құрайтын немесе құрамайтын сылақ (күйдірілген гипсті немесе кальций сульфатын білдіретін)

2521 00 000 0

Әктасты жеңіл балқитын зат; әкті немесе цементті дайындау үшін пайдаланылатын әктас және өзге де әктасты тас

2522

2825 тауар позициясында көрсетілген оксид және кальций гидроксидтен басқа, сөндірілмеген, сөндірілген және ылғалда қатаятын әк

2523

Боялмаған немесе боялған, дайын немесе күйдірілген цемент тасы нысанында портландцемент, глиноземдік цемент, қож цемент, суперсульфатты цемент және ұқсас гидравликалық цементтер

2524

Асбест

2710 19 810 0

2710 19 830 0

2710 19 870 0

2710 19 910 0

2710 19 930 0

2710 19 990 0

Майлау майлары, басқа майлар*

2714

Табиғи битум және асфальт; битуминозды тақтатастар немесе мұнайлы май және битуминозды құмтастар; асфальтиттер және асфальтты жыныстар

2715 00 000 0

Табиғи асфальттың, табиғи битумның, мұнай битумының, минералды шайырлардың немесе минералды шайырлар күлінің негізінде жасалған битуминозды қоспалар (мысалы, битумды мастиктар, жолды төсеуге арналған асфальт қоспалары)

2804 21 000 0

2804 29

Инертті газдар: аргон, өзге газдар

2806 10 000 0

Сутек хлориді (тұз қышқылы)

2807 00 100 0

Күкірт қышқылы

2809

Дифосфор пентаоксиді; фосфор қышқылы; белгіленген немесе белгіленбеген химиялық құрамның полифосфорлық қышқылдары

2811

Басқа органикалық емес қышқылдар және металл еместердің басқа органикалық емес оттегімен қосылыстары

2814

Сусыз немесе су ерітіндісіндегі аммиак

2815

Натрий гидроксиді (каустикалық сода); калий гидроксиді (күйдіргіш калий); натрий немесе калий пероксиді

2824

Қорғасынның оксидтері; қорғасын жосасы (қызыл және қызғылт сары)

2827

Хлоридтер, хлорид оксидтері және хлорид гидроксидтері; бромидтер және бромид оксидтері; йодидтер және йодид оксидтері

2828

Гипохлориттер; техникалық кальцийдің гипохлориті; хлориттер; гипобромиттер

2829

Хлораттар мен перхлораттар; броматтар мен пербраматтар, йодаттар мен перйодаттар;

2830

Сульфидтер; химиялық құрамы анықталған немесе анықталмаған полисульфидтер;

2833

Сульфаттар; ашудастар; пероксосульфаттар (персульфаттар);

2842 90 800 0

Органикалық емес қышқылдардың немесе пероксоқышқылдардың тұздары, азидтардан басқа, өзгелері

2847 00 000 0

Несепнәрмен қатайтылған немесе қатайтылмаған сутек пероксиді

2853 00 100 0

Дистиллизацияланған немесе кондуктометрикалық су және осыған ұқсас таза су

2914 11 000 0

2914 19 900 0

Басқа оттегін құрайтын функционалдық топтан тұратын немесе тұрмайтын кетондар мен хинондар және олардың галогенденген, сульфирленген, нитроленген немесе нитрозирленген туындылары

2915 21 000 0

2915 24 000 0

2915 29 000 0

Ациклдық монокарбондық орландырылған қышқылдар және олардың ангидридтері, галогенангидридтері, пероксидтері және пероксиқышқылдар; олардың галогенденген, сульфирленген, нитроленген немесе нитрозирленген туындылары

2916 11 000 0

2916 12 900 0

Ациклдік монокарбондық қанықпаған қышқылдар, циклдік монокарбондық қышқылдар, олардың ангидридтері, галогенангидридтері, пероксидтері және пероксиқышқылдар; олардың галогенденген, сульфирленген, нитроленген немесе нитрозирленген туындылары

3204

Айқындалған немесе айқындалмаған химиялық құрамның синтетикалық органикалық бояу заттары; айқындалған немесе айқындалмаған химиялық құрамның оптикалық ағартқыштар немесе люминофорлар ретінде пайдаланылатын осы топқа 3-ескертуде көрсетілген синтетикалық органикалық бояу заттары негізінде дайындалған препараттар

3205 00 000 0

Түрлі-түсті лактар; осы топқа 3-ескертуде көрсетілген түрлі-түсті лактардың негізінде жасалған препараттар

3206

Өзге бояғыш заттар; 3203, 3204 немесе 3205 тауар позициясындағы препараттардан өзгеше, осы топқа 3-ескертуде көрсетілген препараттар; айқындалған немесе айқындалмаған химиялық құрамының люминофорлары ретінде қолданылатын органикалық емес өнімдер

3207

Қыш, эмаль немесе шыны өндіруде қолданылатын дайын пигменттер, дайын шыны күңгірттері, дайын бояулар, эмальдар және шыны тәрізді жылтыратпалар, ангобтар (шликерлер), сұйық глянцтар мен ұқсас препараттар; шыны тәрізді фритта және ұнтақтағы, түйіршіктердегі және үлектердегі шынылар

3208

Синтетикалық полимерлер немесе химиялық түрлендірілген табиғи полимерлер негізіндегі, майдаланған немесе сулы емес ортада ерітілген бояулар мен лактар (эмальдар мен политурларды қоса алғанда); осы топқа 4-ескертуде көрсетілген ерітінділер

3209

Синтетикалық полимерлер немесе химиялық түрде өзгертілген табиғи полимерлер негізіндегі, майдаланған немесе сулы емес ортада ерітілген бояулар мен лактар (эмальдар мен политураларды қоса алғанда)

3210 00

Басқа бояулар мен лактар (эмальдарды, политураларды және желімдік бояуларды қоса алғанда); теріні өңдеу үшін қолданылатын дайын су пигменттері

3212 10 900 0

3212 90

Бояуларды өндіруде қолданылатын (эмальдарды қоса алғанда) сулы емес ортада майдаланған, сұйық немесе паста тәрізді пигменттер (металдық ұнтақтар мен үлпектерді қоса алғанда); баспа-таңбалау фольгасы; бөлшек сауда үшін нысандарға немесе орамдарға өлшеніп салынған бояулар және өзге бояу заттары

3214

Шыны және бақша жақпасы, шайырлы цементтер, тығыздауға арналған құрамдар және басқа да мастикалар; сырлау жұмыстарына арналған тығыздағыштар; фасадтардың үстін, ғимараттардың ішкі қабырғасын, едендерді, төбелерді дайындауға арналған отқа төзімді емес құрамдар немесе осыған ұқсастар

3215

Баспаханалық бояу, жазу немесе сурет салуға арналған тушь немесе сия және басқа да концентратты немесе концентратты емес, қатты немесе қатты емес сиялар

3401

Сабын; кесек, кесік түрінде немесе нысандалған түрде, құрамында сабын болатын немесе болмайтын, сабын ретінде қолданылатын, үстіңгі органикалық белсенді заттар; бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған, сұйық немесе крем түріндегі, құрамында сабын болатын немесе болмайтын беттік белсенді органикалық заттар мен денені жууға арналған құралдар; сабын немесе жуғыш зат сіңірілген қағаз, мақта, киіз немесе фетр және тоқымалық емес материалдар

3402

(3402 20 басқа)

Беттік-белсенді органикалық заттар (сабыннан басқа); беттік-белсенді құралдар, жуғыш заттар (қосалқы жуғыш заттарды қоса алғанда) және тазалайтын, құрамында сабын болатын немесе болмайтын құралдар (3401 тауар позициясының құралдарынан басқа)

3403

Жақпа материалдары (кескіш жабдықтар үшін жақпа-салқындатқыш эмульсияларды, болттар мен гайкаларды бұрауды жеңілдететін құралдарды, датты кетіруге арналған құралдар мен жақпалар негізіндегі бұйымдарды қалыптан алып шығуды жеңілдететін датқа қарсы құралдар мен препараттарды қоса алғанда) және битуминоздық жыныстардан алынған негізгі құрамдас бөліктер ретінде 70 мас.%-дан не одан көп мұнай не мұнай өнімдері бар құралдардан басқа, тоқыма материалдарын, теріні,- жүнді жаққы маймен және маймен өңдеу үшін пайдаланылатын құралдар

3405 20 000 0

3405 40 000 0

3405 90 109 0

3405 90 900 0

3404 тауар позициясының балауыздарынан басқа, аяқ киімге арналған вакстар мен кремдер, жиһаз, едендер, автомобиль кузовтары, шыны не металға арналған жылтыратпалар (полироль) және мастикалар, тазартқыш пасталар, ұнтақтар және ұқсас құралдар (оның ішінде, сол құралдар сіңірілген мақта, киіз не фетр, тоқымалық емес материалдар, кеуекті пластмассалар не кеуекті резеңке)

3801 10 000 0

Жасанды графит

3806 10

Канифоль және шайырлық қышқылдар

3809

Басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген өңдеу құралдары, бояуды жеделдетуге немесе бояғыштарды бекітуге арналган құралдар мен өзге де өнімдер және тоқымашылық, қағаз, тері өнеркәсібінде немесе ұқсас салаларда қолданылатын дайын препараттар (мысалы, өңдеуге немесе улауға арналған заттар)

3810 10 000 0

Металл беттерін улауға арналған препараттар; төмен температурада, жоғары температурада дәнекерлеуге немесе пісіруге арналған, металдан немесе басқа материалдардан тұратын ұнтақтар мен пасталар

3813 00 000 0

Өрт сөндіргіштерге арналған құрамдар мен зарядтар; өрт сөндіруге арналып зарядталған гранаталар

3814 00

Басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген күрделі органикалық еріткіштер мен сұйылтқыштар; бояулар мен лактарды кетіруге арналған дайын құрамдар

3816 00 000 0

3801 тауар позициясындағы тауарлардан басқа, отқа тезімді цементтер, құрылыстық, бетондық және ұқсас құрамдық ерітінділер

3819 00 000 0

Битуминоздық жыныстардан алынған құрамында массасы 70 %-дан аспайтын мұнай немесе мұнай өнімдері болатын немесе болмайтын гидравликалық тежегіштік сұйықтар және гидравликалық берілістерге арналған өзге де дайын сұйықтар

3822 00 000 0

3002 немесе 3006 тауар позицияларындағы тауарлардан басқа, диагностикалық немесе төсенішке орнатылған зертханалық реагенттер, дайын диагностикалық немесе төсенішке орнатылған немесе орнатылмаған зертханалық реагенттер; сертификатталған эталондық материалдар

3824 40 000 0

3824 50 100 0

3824 50 900 0

3824 90 100 0

3824 90 700 0

3824 90 980 0

Құйма нысандары немесе құйма сырықтарды өндіру үшін дайын байланыстырғыш заттар; басқа жерде аталмаған, аталған немесе енгізілмеген химиялық өнімдер мен препараттар, өнеркәсіптің химиялық немесе аралас салаларының өнімдері мен препараттары (табиғи өнімдердің қоспаларынан тұратын препараттарды қоса алғанда)

3910 00 000

Бастапқы нысандардағы силикондар

1917 10 900 0 3917 21

3917 22

3917 23

3917 29

3917 31 000 9

3917 32 100 0

3917 32 310 0

3917 32 350 0

3917 32 390 0

3917 32 510 0

3917 32 990 0

3917 33 000 0

3917 39

3917 40 000 0

Пластмассадан жасалған құбырлар, түтіктер және құбыршектер, олардың фитингтері (мысалы қосылыстар, иіндер, фланцтер)

3918

Пластмассадан жасалған едендерге арналған рулондардағы немесе пластиналардағы жабындар, өздігінен жабысатындар немесе өздігінен жабыспайтындар; осы топқа 9-ескертуде көрсетілген пластмассадан жасалған қабырғалар немесе төбелерге арналған жабындар

3919

Пластмассадан жасалған тақтайлар, табақтар, пленка, фольга және белдіктер немесе рулондардағы немесе рулондарға оралмаған басқа да өздігінен жабысатын жазық нысандар

3920 10

Кеуекті емес және арқауланбаған, қабат-қабат емес, төсенішсіз және басқа материалдармен ұқсас әдіспен қосылмаған пластмассадан жасалған тақтайлар, табақтар, пленкалар, белдіктер немесе таспалар, өзгелері; этиленнің полимерлерінен

3921

Пластмассадан жасалған өзге де тақтайлар, табақтар, пленкалар және белдіктер немесе таспалар

3922

Пластмассадан жасалған ванналар, душтар, су ағызуға арналған раковиналар, жуынуға арналған раковиналар, биде, унитаздар, отыратын орындар мен оларға арналған қақпақтар, ағызу бөшкелері және ұқсас санитарлық-техникалық бұйымдар

3923

Пластмассадан жасалған тасымалдауға немесе орауға арналған бұйымдар; пластмассадан жасалған тығындар, қақпақтар, қалпақшалар және тығындауға арналған өзге де бұйымдар

3925

Пластмассадан жасалған басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген құрылыс бөлшектері

3926 20 000 0

Киім және киімге керек-жарақ (биялайларды, қолғаптарды және митенкілерді қоса алғанда)

3926 30 000

Бекіткіш құралдар және жиһаз, көлік құралдары үшін фурнитура немесе ұқсас бұйымдар

3926 90 910 0

3926 90 980 9

Пластмассадан жасалған басқа бұйымдар және 3901-3914 тауар позицияларының материалдарынан жасалған өзге де бұйымдар

4008

Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден алынған пластиналар, табақтар, белдіктер немесе таспалар, шыбықтар және фасондық профильдер

4009 11 000 0

4009 12 000 9

4009 21 000 0

4009 22 000 0

4009 31 000 0

4009 32 000 0

4009 41 000 0

4009 42 000 0

Қатты резеңкеден басқа, вулканданған резеңкеден жасалған құбырлар, түтіктер және құбыршектер, фитингілері жоқ немесе бар (мысалы, қосылыстары, келте құбырлары, фланцтары)

4010

Вулканданған резеңкеден алынған конвейерлік таспалар немесе жетекші белдіктер, немесе бельтинг

4011 10 000 0

4011 20

4011 63 000 0

4011 69 000 0

Жаңа пневматикалық резеңке шиналар мен қақпақшалар

4012 11 000 0

4012 12 000 0

4012 20 900 0

Жаңа пневматикалық шиналар мен қақпақшалар, қалпына келтірілгендер немесе қолданыста болғандар; тегіс немесе жартылай пневматикалық шиналар мен қақпақшалар, шиналық протекторлар және резеңкелік тоғынша таспалар

4013 10

4013 90 000 0

Жеңіл автомобильдерге (жүктік-жолаушылық автомобиль-фургондарды және спорттық автомобильдерді қоса алғанда), автобустарға немесе жүк тасымалдайтын моторлы көлік құралдарына арналған резеңке камералар, өзгелері

4015 19

Түрлі мақсаттарға арналған, қатты резеңкеден басқа, вулканданған резеңкеден жасалған киімдер және оларға керек-жарақтар (биялайларды, қолғаптарды және митенкілерді қоса алғанда), өзгелері

4016 10 000 0

4016 91 000 0

4016 92 000 0

4016 93 000 9

Қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған басқа бұйымдар

4017 00

Барлық нысандардағы қатты резеңке (мысалы, эбонит), қалдықтар мен сынықтарды қоса алғанда; қатты резеңкеден жасалған бұйымдар

4104

Жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, бірақ одан арғы өңдеусіз ірі қара малдардың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас жануарлардың терілерінен алынған иленген былғары және былғарылық краст

4105

Қойлар мен қозылардың терілерінен алынған жүнсіз, белінген немесе бөлінбеген, иленген былғары және былғарылық краст; бірақ одан арғы өңдеусіз

4106

Басқа жануарлардың терілерінен алынған, жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген иленген былғары және былғарылық краст, бірақ одан арғы өңдеусіз

4107

Ірі қара малдың (буйволдарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас жануарлардың, жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, иленгеннен кейін қосымша өңделген немесе пергментке келтірілген түрін қоса алғанда былғарылық краст түріндегі былғары, 4114 тауар позициясындағы былғарыдан басқа

4112 00 000 0

Қойлардың немесе қозылардың терілерінен алынған жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, иленгеннен кейін қосымша өңделген немесе пергаментке келтірілген түрін қоса алғанда, қойлардың немесе қозылардың терісінен жасалған былғарылық краст түріндегі былғары, 4114 тауар позициясындағы былғарыдан басқа

4113

Қойлардың немесе қозылардың терілерінен алынған жүнсіз немесе түк баспаған, бөлінген немесе бөлінбеген, иленгеннен кейін қосымша өңделген немесе пергаментке келтірілген түрін қоса алғанда, басқа жануарлардың терісінен жасалған былғарылық краст түріндегі былғары, 4114 тауар позициясындағы былғарыдан басқа

4114

Күдері (қиыстырған күдеріні қоса алғанда); сырланған былғары және сырланған ламинацияланған былғары; металдандырылған былғары

4115

Табиғи былғарының немесе былғарылық талшықтардың негізіндегі пластиналарда табақтар мен белдіктерде, немесе ленталарда, рулондағы немесе рулонсыз композициялық былғары; былғарыдан жасалған бұйымдарды өндіру үшін жарамсыз, табиғи немесе композициялық былғарының қиықтары және басқа қалдықтары; былғарылық шаң, ұнтақ және ұн

4205 00

Табиғи былғары немесе композициялық былғарыдан жасалған басқа бұйымдар

4301

Тері-үлбірлік шикізаты (үлбірлік бұйымдарды дайындауға жарамды бастарды, құйрықтарды, аяқтарды және басқа бөліктер немесе қиықтарды қоса алғанда), 4101, 4102 немесе 4103 тауар позицияларындағы өңделмеген терілерден басқа

4304 00 000 0

Жасанды үлбір және одан жасалған бұйымдар

4407

Ұзыннан арамен кесілген немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын ағаш материалдары

4408 10 150 0

4408 10 930 0

4408 10 990 0

Желімделген фанер немесе басқа да соған ұқсас қабатты сүрек үшін қаптауға арналған табақтар (қабатты сүректі бөлуден алынғандарды қоса алғанда) және ұзыннан арамен кесілген, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалындығы 6 мм-ден аспайтын тропикалық тұқымдас сүректен жасалған өзге ағаш материалдары

4409 10 180 0

4409 21 000 0

4409 29

Пішінделген ұзын тақтай түріндегі (иректелген, қиысқан жіктері бар, шпунтталған, шеттері ойылған, жартылай шеңберлі калевкалар түріндегі, қосылысы бар (фасонды, дөгеленген немесе соған ұқсас) кез келген жиек, ұштарындағы немесе тегістіктегі, сүргіленген немесе сүргіленбеген, жылтыратылған немесе жылтыратылмаған, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған қылқан жапырақты кесу материалдары (еденді паркетпен жабуға арналған, жиналмаған тақтайшаларды және фриздерді қоса алғанда)

4410

Сүректен немесе басқа да сүректелген материалдан жасалған, қарамаймен немесе басқа да байланыстырылатын органикалық заттармен қанықтырылған немесе қанықтырылмаған* ағаш жонатын тақтайшалар, жонуға бағдарланған тақташалар (OSB) (мысалы, вафельді тақтайшалар)

4411

Қарамай немесе басқа да органикалық заттар үстемеленген сүректен немесе басқа да сүректелген материалдан жасалған тақтайшалар

4412

Желімделген фанер, фанер панелдер және қабатталған сүректен жасалған ұқсас материалдар

4413 00 000 0

Блоктар, тақтайшалар, кеспектер немесе пішінделген нысандар түрінде сығымдалған сүрек

4415

Сүректен жасалған жәшіктер, қораптар, буып-түйетін көтермелер немесе себеттер, барабандар және ұқсас ыдыс; кабельді ағаш барабандар; палеттер, тұғырықтар және өзге де тиейтін ағаш қалқандар, ағаш ернеушелері

4416 00 000 0

Бөшкелер, кішкене бөшкелер, үлкен күбілер, күбілер және езге де бөшкелік бұйымдар мен, қалақты қоса алғанда, сүректен жасалған олардың бөліктері

4417 00 000 0

Аспаптар, корпус және сүректен жасалған аспаптар, сыпырғы немесе шөткелердің ағаш бөліктері мен тұтқалары; етіктің ағаш қалыптары мен аяқкиімге арналған тартқыштар

4418

Ұсталық және балташылық, ұяшықты ағаш панельдерді қоса алғанда, ағаш, құрылыс бұйымдары, жиналатын қалқанды паркет, гонт және шатырлық кереге шабақ

4702 00 000 0

Сүрек целлюлозасы, еритін сұрып

4703

Сүрек целлюлозасы, еритін сұрыптан басқа, натрондық немесе сульфаттық

4704

Сүрек целлюлозасы, еритін сұрыптан басқа, натрондық немесе сульфаттық

4807 00

Үстіңгі беті қапталмаған немесе сіңірілген, арматураланған немесе арматураланбаған, орамдардағы немесе парақтардағы көп қабатты (тегіс қабат қағазды немесе картонды адгезивтің көмегімен желімдеу жолымен дайындалған) қағаз және картон

4808

4803 тауар позициясында көрсетілгендерден басқа орамдардағы немесе парақтардағы гофрленген (желімделген немесе желімделмеген сыртқы парағы тегістелген), бекітілген, сығылған немесе перфорацияланған қағаз және картон

4809

Орамдарда немесе парақтарда басылған көшіріп басылатын, өздігінен көшіріп басылатын қағаз немесе аударылатын қағаз (көшіру аппараттары немесе офсеттік пластиналар трафареттері үшін жамылғы және сіңдірілген қағаздарды қоса алғанда)

4811 59 000

4803, 4809 немесе 4810-тауар позицияларындағыдан басқа, орамдардағы немесе кез келген мөлшердегі төртбұрышты (шаршыны қоса алғанда) парақтардағы, жабындысы бар сіңірілген, ламинацияланған, боялған немесе әшекейленген целлюлоза талшықтарынан жасалған қағаз, картон, целлюлоза мақтасы және жайма қағаз

4814

Түсқағаз және ұқсас қабырға жабындылары; терезелерге арналған мөлдір қағаз

4816 90 000 0

Қораптар салынған немесе салынбаған көшіру, өздігінен көшіру және өзге де көшіру қағазы немесе аудару қағазы (4809 тауар позициясындағы қағаздардан басқа), көшіру аппараттарына арналған трафареттер және қағаздан жасалған офсеттік пластиналар, өзгелері

4817 10 000 0

4817 30 000 0

Қағаздан немесе картоннан жасалған конверттер, хатқа арналған кәртішкелер, суретсіз почталық открыткалар мен хат жазысуға арналған кәртішкелер; қағаздан немесе картоннан жасалған қағаз, кеңсе керек-жарақтарының жиынтығын құрайтын қораптар, сөмкелер, футлярлар мен компендиумдар

4819 10 000 0

4819 30 000

4819 40 000 0

4819 60 000 0

Қағаздан, картоннан, целлюлоза мақтасынан немесе целлюлоза талшықтарынан жасалған жайма қағаздан жасалған үлкен картондар, жәшіктер, қораптар, қапшықтар, пакеттер және басқа да орам ыдыстары; мекемелерде, дүкендерде немесе ұқсас мақсаттарда пайдаланылатын қағаздан немесе картоннан жасалған картотекаларға арналған науалар және ұқсас бұйымдар

4820 10 100 0

4820 10 300 0

4820 10 900 0

4820 30 000 0

4820 40

4820 50 000 0

Қағаздан немесе картоннан жасалған тіркеу журналдары, бухгалтерлік кітаптар, қойын кітаптары, тапсырыс кітаптары, түбіртек кітаптары, хаттарға, естелік жазбаға арналған блокноттар, күнделіктер және ұқсас бұйымдар, дәптерлер, сорғыш қағазы, алынбалы қаптауышы бар блокноттар (жұлынбалы парақтарға және басқаларға арналған) блокноттар, папкалар, құжат тігілетін папкалар, өздігінен көшіру іс бланкілері, парақтап салынған көшіру жиынтығы және басқа да кеңсе тауарлары; қағаздан немесе картоннан жасалған үлгіге арналған немесе топтамаға арналған альбомдар және кітаптарға арналған мұқабалар

4821

Басылған немесе басылмаған қағаздан немесе картоннан жасалған жапсырмалардың және этикеткалардың барлық түрлері

4822

Қағаз массасынан жасалған орауыш, катушкалар, шпулалар және ұқсас ұстағыштар, қағаздар немесе (перфорацияланған немесе перфорацияланбаған, арматурланған немесе арматурланбаған)

4823

Мөлшері немесе нысаны бойынша кесілген қағаз, картон, целлюлоза мақтасы және өзге де целлюлоза талшықтарынан жасалған жайма қағаз; қағаз массасынан жасалған бұйымдар, қағаздар, картондар, целлюлоза мақтасы немесе целлюлоза талшықтарынан жасалған жайма қағаз, өзгелері

4901 99 000 0

Баспа кітаптары, брошюралар, мұқабаланған немесе бөлек парақтар түріндегі үнқағаздар және ұқсас баспа материалдары, өзгелері

Укажите название закладки

Создать новую папку