«Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндеті атқарушының «Телефон байланысы қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 204-б бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 60 Бұйрығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндеті атқарушының
«Телефон байланысы қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 204-б бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 жылғы 10 ақпандағы № 60 Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен күші жойылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының міндетін атқарушының «Телефон байланысы қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 204-б бұйрығына (2004 жылғы 28 қазандағы № 3177 Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген телефон байланысы қызметтерін көрсету ережесінде:
3-тармақта 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) абонент - байланыс қызметін көрсету мақсатында абоненттік жол, абоненттік нөмір және (немесе) сәйкестендіру коды бөліне отырып, осындай қызмет көрсету үшін шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;»;
2) тармақшада «коммутациялық жабдығымен терминал» сөздері «телекоммуникациялар құралдарымен абоненттік құрылғы» сөздерімен ауыстырылсын;
7) тармақшада «жазбаша мәтіннен» сөздерінен кейін «, бейнелерді» сөзімен толықтырылсын;
13) тармақшада «абоненттік жолдар бойынша 128 абоненттік нөмірден аспайтын абоненттердің санымен» сөздері «128-ден аспайтын абоненттік нөмір санымен» сөздерімен ауыстырылсын;
15) тармақшада «жалғау олардың әрқайсысы үшін кезекпен ғана мүмкін болады» сөздері «осы екі терминал үшін бір уақытта байланыстыру мүмкін емес» сөздерімен ауыстырылсын;
Мынадай мазмұндағы 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 45) тармақшаларымен толықтырылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа