(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2001 Ж. 28 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 691 ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және
прогресс сыйлығының мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің
2001 жылғы 28 қыркүйектегі № 691 Жарлығы
(2007.23.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның дербес құрамы бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы туралы» 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 31, 471-құжат);
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1994 жылғы 20 қазандағы № 1949 қаулысы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 42, 454-құжат);
3) Қазақстан Республикасы Президентінің "Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығын беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 31 тамыздағы № 903 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 1997 жылғы 24 қазандағы № 3716 жарлығы (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 47, 435-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Президентінің
2001 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 691 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің
Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы
туралы ереже
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы (бұдан әрі - Мемлекеттік сыйлық):
Редакция документа
Демо – версия документа