ҚР СТ 989 - 2008 .Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Нысаны, өлшемдері және техникалық талаптар (күші жойылды)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
ҚР СТ 989 - 2008
Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасы
Нысаны, өлшемдері жəне техникалық талаптар
Астана
Мазмұны
2. Дайындауға қойылатын техникалық талаптар
3. Пайдалануға қойылатын техникалық талаптар
Б қосымшасы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондық үлгісінің сипаттамасы
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының (бұдан əрі - Мемлекеттік Елтаңба) нысанына, өлшемдері мен дайындауға жəне пайдалануға қойылатын техникалық талаптарды белгілейді.
Мемлекеттік Елтаңбаны қолдану «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сəйкес жүзеге асырылады, Ж қосымшасы[2].
2. Дайындауға қойылатын техникалық талаптар
2.1. Сипаттамалар
2.1.1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мифтік тұлпарлардың қанаттары көмкерген, жан-жағына күн сəулесі түрінде «уықтар» (тіреулер) таратылған, көгілдір түс аясындағы «шаңырақ» (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бейнесін білдіреді. Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар, Ж қосымшасы [1].
2.2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы осы стандарттың талаптарына сəйкес, техникалық құжаттама жəне белгіленген тəртіппен бекітілген эталон-үлгі бойынша дайындалуға тиіс.
2.3. Мемлекеттік Елтаңба көлемді жəне графикалық бейнеде орындала алады. Мемлекеттік Елтаңбаның түрлі түсті орындалуында 2 түс - алтын жəне көгілдір түс қатысуы керек. Графикалық суреті бір түсті, екі түсті жəне түрлі түсті бола алады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа