«Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 120 Қаулысы (2012.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)
Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті белгілеу туралы, Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 120 Қаулысы
(2012.30.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 146 Қаулысымен күші жойылды
2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 11), 15) тармақшаларына, 49-бабына және 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 1-тармағының 5), 6) тармақшаларына сәйкес, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдары үшін пруденциалдық норматив - «Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті» белгіленсін.
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенттің мәні күнделікті 1 кем болмауы тиіс.
2. Қоса беріліп отырған, бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін пруденциалдық нормативті есептеу ережесі бекітілсін.
3. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күшін жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов)
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
Документ утратил силу
Демо – версия документа