(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2008.23.01 № 41 ҚАУЛЫСЫ
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, 2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 41 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 26 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, 2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесі бекітілсін.
2. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2007 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы № 87 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 42-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2008 жылғы 23 қаңтардағы
№ 41 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа