Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 27 ҚАРАШАДАҒЫ № 1137 ҚАУЛЫСЫ

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 1137 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 6 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;

2) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2. «Өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 189-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы қызметтің лицензияланатын түрлеріне қойылатын біліктік талаптарындағы сегізінші абзац алынып тасталсын;

«Уларды өндіруді, қайта өңдеуді, тасымалдауды, сатып алуды, сақтауды, сатуды, пайдалануды және жоюды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойылатын біліктілік талаптары» деген бөлім алынып тасталсын.

3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 27 қарашадағы

№ 1137 қаулысымен

Бекітілген

 

Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі

қызметті лицензиялау ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку