(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 17 СӘУРДЕГІ № 447 ҚАУЛЫСЫ
Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын анықтау ережесін бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 17 сәуірдегі № 447 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 26.03.03 ж. № 620 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 28 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын анықтау ережесі бекітілсін.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын белгілейтін уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті белгіленсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 17 сәуірдегі № 447 қаулысымен
бекітілген
Жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын
анықтау ережесі
Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының аумағында мүлікке салынатын салықты есептеу үшін біркелкі есеп айырысу тәртібін анықтау және жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің құнын белгілеу мақсатында әзірленді.
2. Жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын салық салу объектілерін бағалауды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі - тіркеуші органдар) жүзеге асырады.
3. Жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі - оларға меншік құқығында тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектілер болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, көлікжай және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
Редакция документа
Демо – версия документа