(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 23.12.98 Ж. № 1325 ҚАУЛЫСЫ
Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған
мемлекеттік лицензиялардың нысандарын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2008 жылғы 28 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның;
нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысандары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметін, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетуді, жылжымайтын мүлікті бағалауды лицензиялау мәселелері» туралы 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 37, 359-құжат) 3-тармағындағы төртінші және бесінші абзацтарының күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен
бекітілген
Редакция документа
Демо – версия документа