Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007.8.12 № 1201 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 11 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып қайта ұйымдастырылсын.

2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылсын.

3. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже;

2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі;

3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі бекітілсін.

4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 3-тармағы 3) тармақшасын және осы қаулыға 2-қосымшаның 2, 5, 6-тармақтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 8 желтоқсандағы

№ 1201 қаулысына

1-қосымша

 

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку