Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2005.28.12 № 1304 ҚАУЛЫСЫ

«Қазақстан Республикасының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек
 көрсетуді жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1304 Қаулысы

 

Осы редакция 2008 жылғы 5 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығын іске асыру және халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі (бұдан әрі - мемлекеттік норматив) бекітілсін.

2. Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері:

1) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген кесте бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының (бұдан әрі - БМСК) қазіргі жүйесінің номенклатурасын мынадай жолдармен осы мемлекеттік нормативке сәйкес келтірсін:

жұмыс істеп тұрған емханалардың (қалалықты қоспағанда), дәрігерлік амбулаториялардың, ауылдық (ауылдық учаскелік) ауруханалардың базасында БМСК орталықтарын құру;

жұмыс істеп тұрған ауылдық және қалалық (отбасылық) дәрігерлік амбулаториялардың, ауылдық (ауылдық учаскелік) ауруханалардың, фельдшерлік-акушерлік пункттердің базасында дәрігерлік амбулаториялар құру;

жұмыс істеп тұрған фельдшерлік-акушерлік пункттердің, фельдшерлік пункттердің, денсаулық сақтау пункттерінің, жеке үй-жайын ұстаусыз медицина қызметкерінің штат бірліктерінің базасында медициналық пункттер құру;

2) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен стандарттарға (нормативтерге) сәйкес БМСК ұйымдарын медициналық жабдықпен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және санитарлық автокөлікпен жарақтандыруды аяқтасын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку