(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2007 ЖЫЛҒЫ 30 ШІЛДЕДЕГІ № 639 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың қызмет өткеруі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 шілдедегі № 639 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ереже бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 590-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
6 және 8-тармақтар алынып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 30 шілдедегі
№ 639 қаулысымен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару
жүйесінің қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет
өткеруі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) қызметкерлерін қызметке қабылдау, олардың қызмет өткеру және қызметтен босату тәртібін айқындайды.
2. ҚАЖ қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері және осы Ереже құрайды.
3. Осы Ережені қолдану тәртібін ҚАЖ-дың уәкілетті органы айқындайды.
Редакция документа
Демо – версия документа