Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 Қаулысы (2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1314 Қаулысы

(2008.15.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы  № 1332 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

ҚР Үкіметінің 2008.25.01. № 65 (бұр. ред. қара); 2008.15.04. № 344 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен базалық және шекті ставкалар өзгертілді

 

 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2007 жылғы 28 желтоқсандағы

№ 1314 қаулысымен

бекітілген

 

Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және

шекті ставкалары

 

Р/с

Көрсеткіштер

Өлшем

бірлігі

Қалдықтардың

қауіптілік

деңгейі

Базалық

ставка,

теңге

Шекті

ставка,

теңге

1

2

3

4

5

6

1

Ластаушы заттардың

тұрақты көздерден

шығарындылары1

шартты

тонна

 

582

2600

2

Ластаушы заттардың

қозғалмалы көздерден

шығарындылары:

пайдаланыл-

ған отынның

тоннасы

(бұдан әрі

- тонна)

 

 

 

этилденбеген бензин

үшін

 

384

890

дизель отыны үшін

 

523

1411

сұйытылатын, сығылған газ үшін

 

285

800

3

Ластаушы заттардың

төгінділері:

шартты

тонна

 

 

 

су көздеріне2

 

15654

35000

жинақтауыштарға

сүзу алаңдарына,

жер бедеріне

 

1100

21000

4

Коммуналдық (қатты

тұрмыстық) қалдықтар3

тонна

 

227,5

770

5

Өнеркәсіптік

қалдықтар

 

 

 

 

өндіріс пен тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда,

жинақтауыштарда,

санкцияланған

үйінділерде және

арнайы берілген

орындарда орналастыру

тонна

«қызыл»

тізім

8332

38500

«янтарь»

тізім

4166

19200

«жасыл»

тізім

1041,5

4800

жіктел-

мегендер

521

2500

Бұдан басқа

 

 

 

 

аршынды жыныстар4

тонна

 

2,8

10,7

байыту шлактары,

шламдары, қалдықтары4

 

21,7

109,5

күл мен күлшлактар4

 

18,1

1536

ауыл шаруашылығы

өндірісінің қалдықтары

 

10,5

512

6

Радиоактивті қалдықтар:

гигабек-

керель

 

 

 

трансуранды қалдықтар

 

442,1

2060

альфа-радиоактивті

қалдықтар

 

221

1030

бета-радиоактивті

қалдықтар

 

22,1

103

шынақты радиоактивті

көздер

 

 

221

1030

7

Заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластаушы заттардың шығарындылары

 

шартты тонна

 

2600

61134,5

 

Ескертпе:

1) ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:

40,75 коэффиценті;

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 344 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының ставкаларына:

энергия өндіруші ұйымдар;

табиғи монополия субъектілері үшін коммуналдық қызметтерді көрсеткен кезде түзілетін эмиссия көлемі үшін мынадай коэффициенттер енгізіледі

1 0,3 коэффициенті;

2 0,43 коэффициенті;

3 0,25 коэффициенті;

3) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициенттер енгізіледі:

30,2 коэффиценті;

4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.

ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 344 Қаулысымен 5) тармақшамен толықтырылды

5) ескертпенің 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген жеңілдетілген коэффициенттерді қолдану қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтен тыс көлемі үшін төлемдерге қолданылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции