(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2000 Ж. 10 НАУРЫЗДАҒЫ № 357 ЖАРЛЫҒЫ
Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2000 ж. 10 наурыздағы № 357 Жарлығы
(ҚР Президентінің 11.05.01 ж. № 605; 21.04.03 ж. № 1071;
29.03.04 ж. № 1322 Жарлықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 27 қарашададағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияны қара
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарына проценттік үстеме ақы төлеу үшін мемлекеттік қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы № 3014 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 27, 225-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 3 маусымдағы № 3014 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарына проценттік үстеме ақы төлеу үшін мемлекеттік қызмет стажы мен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеудің тәртібі туралы ережеге толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 3919 Жарлығы.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
4. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Президентінің
2000 жылғы 10 наурыздағы
№ 357 Жарлығымен
Бекітілген
Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің мемлекеттік қызмет өткеру мәселелерін реттейді.
1 бөлім
Мемлекеттік саяси қызметшілердің
мемлекеттік қызмет өткеруі
1. Мемлекеттік саяси қызметшілерге қойылатын талаптар
1. Мемлекеттік саяси лауазымға орналасу азаматтар міндетті арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.
Редакция документа
Демо – версия документа