Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.15.12 № 1220 ҚАҮЛЫСЫ (БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Осы редакция 2007 жылғы 6 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 438 Қаулысымен 406-1 - 406-6-қосымшалармен толықтырылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2006 жылғы 15 желтоқсандағы

№ 1220 қаулысына

406-1-қосымша

 

601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

 

2007 жылға арналған

001 - «Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламаның

ПАСПОРТЫ

 

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Құны: 67 856 мың теңге (алпыс жеті миллион сегіз жүз елу алты мың теңге).

2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 321-24-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы» 2007 жылғы 27 наурыздағы № 302 Жарлығы; «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысы.

3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.

4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасында ғарыш саласын құру және дамыту; Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық базасын құру; ғарыш қызметі саласында мемлекеттік техникалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыру; ғарыш қызметі саласында халықаралық ықпалдастықты жүзеге асыру.

ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку