(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Осы редакция 2007 жылғы 13 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.29.05. № 438 Қаулысымен 406-1 - 406-6-қосымшалармен толықтырылды
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
406-1-қосымша
601 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған
001 - «Ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 60 603 мың теңге (алпыс миллион алты жүз үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3 , 21-24-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігін құру туралы» 2007 жылғы 27 наурыздағы № 302 Жарлығы; «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ғарыш қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: ғарыш қызметі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру; Қазақстан Республикасында ғарыш саласын құру және дамыту; Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық базасын құру; ғарыш қызметі саласында мемлекеттік техникалық қадағалауды және бақылауды жүзеге асыру; ғарыш қызметі саласында халықаралық ықпалдастықты жүзеге асыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Редакция документа
Демо – версия документа