(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.23.12 № 1277 ҚАУЛЫСЫ
«Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына
(жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1277 Қаулысы
Осы редакция 2007 жылғы 13 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген бағаны енгізу тәртібін белгілеу мақсатында, «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесі бекітілсін.
2. «Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілері тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) бағаларын мемлекеттік реттеуді енгізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1212 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 427-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Үкіметінің
2006 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1277 қаулысымен
Бекітілген
Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық
субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне)
тіркелген баға белгілеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Редакция документа
Демо – версия документа