ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.15.12. № 1220 ҚАУЛЫСЫ (БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 42-50-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 жылғы 6 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
42, 43, 44, 45, 46, 47 (өте құпия), 48, 49, 50-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
42-ҚОСЫМША
204 - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Сыртқы саяси қызметті қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 14 834 055 мың теңге (он төрт миллиард сегіз жүз отыз төрт миллион елу бес мың теңге).
Редакция документа
Демо – версия документа