Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.15.04 № 286 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы
№ 65 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 286 Қаулысы

(2007.07.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 24 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясаты шеңберінде ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 16 наурыздағы № 65 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Қазына» АҚ) құрылсын.

ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 818 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. «Қазына» АҚ қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасы экономикасының барлық секторларындағы инвестициялық және инновациялық белсенділікті арттыру мен ынталандыру мақсатында акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) «»Қазына» АҚ-тың жарғылық капиталын төлеуге берілген заңды тұлғаларды тиімді корпоративтік басқару болып белгіленсін.

3. Қоса беріліп отырған:

1) «Қазына» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандум;

ҚР Үкіметінің 2006.25.08. 818 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) акцияларының мемлекеттік пакеттері (қатысу үлестері) «Қазына» АҚ-тың орналастырылатын акцияларын төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін

4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне «Қазына» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 100000000 (бір жүз миллион) теңге бөлінсін.

5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) «Қазына» АҚ-ның жарғысын бекітуді;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку