Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006 ЖЫЛҒЫ 14 ТАМЫЗДАҒЫ № 765 ҚАУЛЫСЫ (БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 тамыздағы № 765 Қаулысы

(2007.11.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2007 жылғы 14 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Кедендік баж ставкаларын жүйелеу және олардың Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидаттары мен ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Кедендік тарифі бекітілсін.

2. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкелу баждарының ставкалары;

2) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне 2-қосымшаға сәйкес тауарлардың атаулары негізінде қолданылатын кедендік әкелу баждарының ставкалары белгіленсін.

ҚР Үкіметінің 2007.15.02. № 114 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне сай уақытша негізде қолданылатын кедендік әкету баждарының ставкалары.

3. Қоса беріліп отырған:

1) Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттердің тізбесі;

2) Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын мейлінше төмен дамыған мемлекеттердің тізбесі;

3) преференциялық режим қолданылатын, дамушы және мейлінше төмен дамыған мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың тізбесі бекітілсін.

4. Мыналар:

1) преференциялық режим қолданылатын, Қазақстан Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығарылатын және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Кедендік тарифінде және Қазақстан Республикасының Кедендік тарифіне қосымшаларда көрсетілгендердің 75 пайызы мөлшерінде кедендік баждардың ставкалары қолданылады;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку