«Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қазандағы № 927 Қаулысы (күші жойылды)
Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын,
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын
тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 қазандағы № 927 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 Қаулысымен күші жойылды
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 13-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және міндетті түрде ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2007 жылғы 11 қазандағы
№ 927 қаулысымен
бекітілген
Стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесі
1. Тантал шикізаты - танталит, танталдың, калий фторотанталатының гидрототығы.
2. Бериллий шикізаты - бериллий концентраты.
Документ утратил силу