«Қазақстан Республикасының кейбір номативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 211 Қаулысы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасының кейбір номативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 211 Қаулысы
ҚР ҚҚА басқармасының 2008 ж. 22 тамыздағы № 118 қаулысымен күші жойылды
Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):
1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, жинақтаушы зейнетақы қорларына, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
4. Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
Документ утратил силу
Демо – версия документа