(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002.05.04. № 407 ҚАУЛЫСЫ
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру жөнiндегі шаралар туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 сәуір № 407
(ҚР Үкіметінің 2005.20.04. № 367 Қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 жылғы 10 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары мен арнаулы техникалық құралдардың тiзбесi;
2) Күзетшi мен жеке күзетшi құжаттарының нысандары мен үлгiлерi бекітілсiн.
2. Жеке күзетшiлердi, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлімшелеріндегі, мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелеріндегі күзетшi лауазымындағы қызметкерлердi даярлауды және қайта даярлауды (арнайы оқу курсы) жүзеге асыратын мамандандырылған оқу орталықтарының бiрi ретiнде Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орталықтары белгiленсiн.
3. Жеке күзет ұйымының, жеке кәсiпкер мен заңды тұлға күзет бөлiмшесiнiң, мемлекеттік органның ведомстволық күзет бөлiмшесiнiң қызметкерлерi санының нормативi:
бiр тәулiктiк бiр күзет постына 4,5 штат күзет бiрлiгі;
он екi сағаттық бiр күзет постына 2,25 штат күзет бiрлiгi;
сегiз сағаттық бiр күзет постына 1,5 штат күзет бiрлiгi болып
бекітілсiн.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 5 сәуірдегі
№ 407 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік органдардың күзет бөлiмшелерi және ведомстволық
күзет бөлiмшелерi пайдаланатын арнаулы қорғау құралдары
мен арнаулы техникалық құралдардың
ТIЗБЕСI
1. Арнаулы қорғау құралдары:
1) резина таяқшалары;
Редакция документа
Демо – версия документа