(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ 2007.13.04 № 90-Ө ӨКІМІ
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық
актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы
заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі № 90-ө Өкімі
Осы редакция 2007 ж. 23 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын, Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 13 сәуірдегі
№ 90-ө өкімімен
Бекітілген
Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
р/с № | Әзірленуге жататын нормативтік құқықтық акт жобасының атауы | Аяқталу нысаны | Орындалуына жауаптылар | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ережесін және құрамын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АБА | 2007 жылғы мамыр |
Редакция документа
Демо – версия документа