(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.30.06. № 609 ҚАУЛЫСЫ
«Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының
2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі
2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы
№ 609 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 5 қаңтарға және 5 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 30 қаңтарға және 30 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі В.С. Школьникке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
| Д. Ахметов |
Редакция документа
Демо – версия документа