(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.23.12 № 1276 ҚАУЛЫСЫ
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен
тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау
кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы № 1276 Қаулысы
Осы редакция 2007 ж. 19 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиярлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағаны мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызмет.».
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Д. Ахметов |
Үкіметінің 2006 жылғы
23 желтоқсандағы
№ 1276 қаулысымен
Бекітілген
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту есебінен
тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде
Редакция документа
Демо – версия документа