(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР БІРЫҢҒАЙ БЮДЖЕТТІК СЫНЫПТАМАСЫН ЖАСАУ ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесін
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14
қыркүйектегі № 959 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 15 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесi бекітілсiн.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
|
|
|
|
| Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 959 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Бірыңғай
бюджеттік сыныптамасын жасау ережесi
1. Осы Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын жасаудың құрылымы мен тәртібін айқындайды.
1-тарау. Қазақстан Республикасының Бiрыңғай
бюджеттік сыныптамасының құрылымы
2. Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасы (бұдан әрi - Бюджеттік сыныптама) бюджет түсiмдерi мен шығыстарын сыныптама объектілерiне топтамалық кодтар бере отырып, функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы бюджет жүйесiнiң барлық деңгейдегi бюджеттерi көрсеткiштерiнiң салыстырмалығын қамтамасыз етедi.
3. Бюджеттік сыныптаманы бюджеттi жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган заңнамалық кесiмдердiң, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының негізiнде әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
4. Бюджеттік сыныптама өзiне мыналарды қамтиды:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасы;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы;
бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы.
Редакция документа
Демо – версия документа