(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 11 ҚАНТАРДАҒЫ № 41 ҚАУЛЫСЫ
Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне
және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 11 қаңтардағы № 41
қаулысы
(2006.30.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 30 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 қаулысымен тақырыбы толықтырылды (бұр. ред. қара)
"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 9) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 (бұр. ред. қара); 19.08.04 ж. № 867 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi) еңбекақы төлеу жүйесi уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi болып табылады, деп белгiленсiн. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi:
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының тiзiлiмi;
мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;
қосымша ақылар, үстемеақылар мен өтемақылар ;
Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгі қызметкерлерiнiң шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары негiзiнде еңбекақы төлеудi қамтиды.
ҚР Үкіметінің 24.01.03 ж. № 91 (бұр. ред. қара);19.08.04 ж. № 867 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Мыналар:
Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiнiң және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң санаттар бойынша лауазымдар тiзiлiмi 1-қосымшаға сәйкес;
Редакция документа
Демо – версия документа