Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2006.28.04 № 340 ҚАУЛЫСЫ

«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 340 Қаулысы

(2006.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2006 ж. 14 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияға (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) қатысушы мемлекеттерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағына сәйкес өзгерістер туралы хабарласын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Yкіметінің

2006 жылғы 28 сәуірдегі

№ 340 қаулысымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

 

1. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 570-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулықта:

2-тармақтың бесінші абзацында «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 108 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 3, 39-құжат):

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку