Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Халықаралық рейтингілік агенттіктермен жұмыс және ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 346-ө Өкімі (күші жойылды)

«Халықаралық рейтингілік агенттіктермен жұмыс және ұлттық рейтингілік
агенттіктерді дамыту жөнінде жұмыс тобын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 қарашадағы
№ 346-ө Өкімі

 

ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 135-ө Өкімімен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін арттыру және Қазақстан Республикасындағы ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:

1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

 

Супрун

Виктор Васильевич

- Қазақстан Республикасының Экономика және

бюджеттік жоспарлау вице-министрі, жетекші

 

Нұрбаев

Орман Кәрімұлы

- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық қатынастар департаментінің директоры, жетекшінің орынбасары

 

Мұхаева

Мәдина Мұсақызы

- Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық қатынастар департаменті халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы, хатшы

 

Алдамберген

Алина Өтемісқызы

- Қазақстан Республикасы Алматы қаласының

өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары

 

Құдайберген

Алмас Шайықбекұлы

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары

 

Парусимова

Любовь Ивановна

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Есеп беру және статистика департаментінің директоры

 

Айтмұхаметов

Данияр Айтмұхаметұлы

- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап қою-қуыну жұмысы департаменті директорының орынбасары

 

Бөбеев

Мұхтар Сапарәліұлы

- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Стратегия және талдау департаменті директорының орынбасары

 

Жамаубаев

Ерұлан Кенжебекұлы

- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаменті директорының орынбасары

 

Нұрмәдиева

Нәсима Ісләмқызы

- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары

 

Есімқұлов

Ерлан Тұрланғазыұлы

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Үкіметтік қарыздарды тарту департаменті халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы

 

Бәбенов

Болат Базартайұлы

- «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамның вице-президенті

 

Ақпейісов

Бейбіт Разақұлы

- «Қазақстан Республикасы банктерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы комитеті төрағасының орынбасары

 

Қуанғанова

Гүлнәр Шаймұратқызы

- «Қазақстан кәсіпкерлері форумы»қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы директорының орынбасары

 

Бертісбаева

Шолпан Смағұлқызы

- «ВБО Қазақстанаудит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қаржы ұйымдарымен жұмыс департаментінің директоры

 

Өтембаева

Әнел Нұрланқызы

- «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Сақтандыру секторы және банктік емес қаржы ұйымдары департаменті директорының орынбасары

 

Цалюк

Галина Анатольевна

- «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы листинг бөлімінің бастығы

 

2. Жұмыс тобы 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін арттыру мақсатында халықаралық рейтингілік агенттіктермен сапалы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасында ұлттық рейтингілік агенттіктерді дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

3. «Рейтингілік агенттіктермен жұмыс жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 76-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы өкімнің іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.

 

Премьер-Министр

Д. Ахметов

 

 

 

 

 

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки

Создать новую папку