«Рейтингілік агенттіктермен жұмыс жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 76-ө Өкімі (күші жойылды)
«Рейтингілік агенттіктермен жұмыс жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс
тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2006 жылғы 30 наурыздағы № 76-ө Өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 2006.30.11. № 346-Ө Өкімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін жоғарылату және рейтингілік агенттіктермен одан әрі өзара іс-қимыл жасау жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
1. Рейтингілік агенттіктермен жұмыс жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Палымбетов Болат Әбілқасымұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Жетекшi
|
Нұрбаев Орман Кәрімұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi Халықаралық қатынастар департаментінің директоры, жетекшінің орынбасары
|
Мұхаева Мәдина Мұсақызы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Халықаралық қатынастар департаменті халықаралық экономикалық ынтымақтастық басқармасының бастығы, хатшы
|
Құдайберген Алмас Шайықбекұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі
|
Байнақов Рахмет Ғазизұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік қарыз алу және халықаралық қаржылық қатынастар департаментінің директоры
|
Парусимова Любовь Ивановна | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Есептілік және статистика департаментінің директоры
|
Сейдалы Нұрлан Жарылқасынұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда саясатын дамыту және Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру департаментінің директоры
|
Сармұрзина Раушан Ғайсақызы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Технологиялық даму және мемлекеттік активтерді басқару департаментінің директоры
|
Нығматулина Мәлика Ерланқызы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік саясаты және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры
|
Көпжасарова Бибігүл Амангелдіқызы | - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаментінің директоры
|
Қамбарова Халида Мұрдыновна | - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Статистикалық ақпаратты талдау және жариялау департаментінің директоры
|
Есіркепов Ербол Оңласынұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігi Әкімшілік жұмыс және талдау департаментінің директоры
|
Еденбаев Еркеғали Серікұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі Стратегия және талдау департаментінің директоры (келісім бойынша)
|
Савельев Сергей Робертович | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ұйымдар және көп жақты ынтымақтастық департаментi директорының орынбасары
|
Нұрасылова Нұргүл Қабдырахманқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және еңбекақы төлеу департаменті зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы
|
Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Зерттеулер және статистика департаментi директорының орынбасары (келісім бойынша)
|
Қалижаров Еркін Қабдырахманұлы | - «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акңионерлық қоғамы Мемлекеттік саясатты талдау департаментінің бас консультанты (келісім бойынша)
|
2. Жұмыс тобы 2006 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін жоғарылату мақсатында рейтингілік ұйымдармен одан әрі ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
Премьер-Министр | Д. Ахметов |
Документ утратил силу